Қарыз алушылардың проблемалық қарыздарды реттеу туралы өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері

01.02.2022

Қарыз алушылардың проблемалық қарыздарды реттеу туралы

өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 24 мамырдағы № 43-VII ҚР Заңымен 2021 жылдың 1 қазанынан бастап азаматтардың қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілді.

Банк шарт бойынша міндеттемені орындауда кідіріс болған жағдайда, бірақ ол туындаған күннен бастап күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей қарыз алушыны тиісті түрде келесі жағдайларда хабардар етуге міндетті:

1) хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешек сомасын көрсете отырып, шарт бойынша міндеттемені орындаудың кешіктірілуінің және төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі туындаған кезде;

2) қарыз алушының – жеке тұлғаның Банкке жүгіну құқығы туралы;

3) Банк берешекті өндіріп алу бойынша қабылдаған шараларды және оларды орындау мерзімдерін міндетті түрде ашып көрсете отырып, қарыз алушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы.

Қарыз алушы міндеттемені орындау кешіктірілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кірістің азаю себебін көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен Банкке жүгінуге құқылы.

Банк 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны тиісті түрде хабардар етеді:

1) шарт талаптарына ұсынылатын өзгерістермен келісу туралы;

2) олардың шарт талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстары туралы;

3) мұндай бас тарту себептеріне дәлелді негіздеме көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы.

Осылайша, Банк заңнамада белгіленген мерзімде қарыз алушының несиені қайта құрылымдау туралы өтінішін қарауға және дәлелді шешім беруге міндетті. Қарыз алушы өз тарапынан әлеуметтік және қаржылық жағдайын құжаттық дәлелдеуге міндетті.

Шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, қарыз алушы уәкілетті органға жүгінуге құқылы. Уәкiлеттi орган қарыз алушының өтiнiшiн Банкке оның өтiнiшiн растау және шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешiмге келмеген кезде қарайды.

Азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің біртұтас тәсілін анықтау үшін қарыз алушының шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішхат беруге құқығы бар келесі негізгі жағдайлар айқындалады:

1) қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;

2) қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, атап айтқанда ТӘОТ-на (тұрғындардың әлеуметтік осал топтары) тағайындалуы, сондай-ақ бірге тұратын жақын туысының, жұбайының (зайыбының) ТӘОТ мәртебесін алу; орташа айлық кірістің төмендеуіне әсер еткен қарыз алушы;

3) ауруға байланысты қарыз алушының уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);

4) қарыз алушы бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы;

5) қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;

6) қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруына (әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан) немесе қайтыс болуына байланысты отбасылық жағдайлар;

7) қарыз алушыға материалдық залал келтірген мән-жайлар (ұрлық, өрт және т.б.).

Қарыз алушы Банкке ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруге, келісім бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістің азаю немесе болмауы фактісін құжатпен растауға міндетті.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болса хабарласыңыз:

·         «Траст-Банк ИБ» АҚ филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 14/3 үйі;

·         «Траст-Банк ИБ» АҚ филиалы, Алматы қ., Достық көшесі, 282

·         «Траст-Банк ИБ» АҚ филиалы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 111 А үйі

Несие беру және депозиттік операциялар бөлімі:

Волкова Галина - тел.: +8(7187) 28 00 00, ішкі 1123, volkova@zamanbank.kz;

Босняков Рустем - тел: +8(7187) 28 00 00, ішкі 1105, rustem@zamanbank.kz.