Банкинг туралы
Қазіргі уақытта әлемнің 90-нан аса елінде 700-ге жуық қаржы институттары жұмыс жасайды. қаржыландыру ғаламдық қаржы жүйесіндегі ең жылдам өсетін сектор болып отыр: ол жыл сайын 15-20 % өседі
Банкингтің негізгі қағидаттары қағидаларға негізделген. Сол себепті банктерде құқықтану және қаржы жөніндегі ғалымдардан, сарапшылардан тұратын арнайы орган – Қаржыландыру жөніндегі Кеңес қызмет етеді, ол қаржыландыру қағидаттарын сақтауды бақылайды және тыйым салынған салаларды қаржыландыруға жол бермейді.
Келесі салалармен байланысты кез келген қызметті қаржыландыруға қатаң тыйым салынады:
- шошқа өсіру шаруашылығы;
- ішімдік, темекі, есірткі өндіру;
- құмар ойындар;
- өсімқорлық кредит беру;
- қару-жарақ;
- тыйым салынған ойын-сауық индустриясы.
қаржыландыру жүйесінің негізгі қағидаттары:
1) ақша ақшадан пайда болмайды;
2) ақша тауар емес, ол тек қана бағаның өлшемі;
3) қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тәуекелдер мен кірістерді бөлісетін серіктестік негізінде құрылуы қажет;
4) инвесторлардың кірісі саудаға және өндіріске салынатын инвестициялармен байланысты болуы тиіс, яғни нақты экономика секторына. Жасалынатын мәмілелер нақты активтермен қамтамасыз етілген болуы қажет.
қаржыландыру жүйесінің негізгі тыйымдары:
1) Риба – қарыз пайызы, яғни ақшаны пайызға беруге не қабылдауға тыйым салынған. Қарыз пайызының орнына Банк клиентпен ұсынылатын заем қаражаттарынан түсетін түсім (үстеме баға) мен комиссиялық табыс алады. Ал салымшылар банк кірісінің үлесін алады, бірақ пайыздар емес;
2) Гарар – алып-сатарлық, шарттың мәні мен талаптарына қатысты белгісіздік. Мәмілелер мәміле жасалған кезге дейін анық, айқын және өзгермейтін болуы тиіс
3) Майсир – кездейсоқ жағдайлардың тоғысуынан туындаған түсім (яғни құмар ойындар, мәмілелер, бәс);
4) Харам – қағидаларға сәйкес белгілі бір экономика секторларын қаржыландыруға тыйым салу.
Банкингтің негізгі өнімдері:
банктер де дастүрлі банктер сияқты өз клиенттері үшін ағымдағы және депозиттік шоттар жүргізу қызметтерін ұсынады. банктің әлеуетті клиенттерін шартты түрде 2 санатқа бөлуге болады:
а) өз қаражаттарын тек қана сақтау үшін салатын және депозит бойынша қандай да бір сыйақы күтпейтін клиенттер;
б) болашақта өз қаражаттарын мүмкіндігінше ұлғайту үшін инвестициялауға ниеттенетін клиенттер.
Кард (Ағымдағы депозит)
Ағымдағы шоттарға табыс түспейді, себебі олар банкке салымшылардан Кард (қарыз) ретінде қабылданады және клиенттер алдын ала хабардар етпей, ақшаны алғашқы талап етуі бойынша алуы мүмкін. Оларды жоғалту тәуекелі жоқ, себебі олар Амана – сақтауға берілген мүлік ретінде сақталады. Бұл ретте Банк әкімшілік шығындар мен ұсталымдарды жабу үшін ең аз комиссияларды алуға құқылы.
Мысал: Клиент Кард негізінде Ағымдағы депозит ашты және 50.000 теңге мөлшердегі соманы салды. Біраз уақыттан кейін Клиент барлық соманы шешіп алу туралы шешім қабылдады және Банк оған 50.000 теңгені беруге міндетті.
Жинақтаушы және инвестициялық шоттар бойынша кірістілік Банктің қызметінің нәтижелеріне және рұқсат берілген сауда операцияларынан түскен кіріске ғана байланысты ауыспалы болып табылады. Дегенмен, бұл кіріс міндетті кепілдендірілген болмаса да және белгілі бір тәуекелге ұшыруы ықтимал болса да, олар көптеген дәстүрлі банктік депозиттерге қарағанда жоғары кірістілікті көбірек қамтамасыз ету үшін кәсіби басқарылады.
Турбо (Инвестициялық депозит)
Турбо – инвестициялық депозит болып табылады, бұнда Салымшы , өзінің ақшасын банкке береді, ол Басқарушы ретінде әрекет етеді , және ақшалай қаражатты тәуекелділік деңгейі әртүрлі инвестициялық жобаларға инвестициялайды.
Пайда Банк және Салымшы арасында алдын-ала келісілген пропорцияға сәйкес бөлінеді. Барлық депозитінің басқа түрлері сияқты, сыйақы тікелей немесе жанама түрде кепілдендірілмейді, өйткені инвестициялық қызметтің нәтижесі белгісіз және алынған пайда осы факт бойынша бөлінеді.
Салымшының Капиталы да кепілдендірілуі мүмкін емес, өйткені кез-келген қаржылық залалды тек Салымшы ғана көтереді, егер келесі дәлелденбесе: Банктің немқұрайлығы және / немесе Банк тарапынан Турбо келісімінің талаптарын бұзғаны болса.
Осылайша, бұл клиенттің белгілі бір мерзімге банкке олардың номиналды түрде қайтарылуын қамтамасыз етусіз, аударылған ақшаны пайдалану нәтижелеріне байланысты кірісті төлеу шартымен аударған ақшасы. Депзиттің бұл түрі, қандай да бір жинаған ақшасы бар және тәуекелдерді қабылдауға дайын адамдарға қызықты. Инвестициялық депозиттің ерекшелігі - салымның ең аз мөлшері мен мерзімі бойынша шегі бар.
Мысалы: Клиент Турбо негізінде инвестициялық депозит ашып, 5.000.000 теңге мөлшеріндегі соманы салып, пайдасын бөлу келісімі: 70/30 ескере отырып, клиентке және Банкке сәйкесінше орналастырды. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк өзінің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қорытындылай келе, осы жоба бойынша жалпы пайда 2.400.000 теңгені құрады деген қорытындыға келді. Пайданы бөлу туралы шартты ескере отырып Клиент 1.680.000 теңге (2.400.000-70%) алады, ал Банк 720.000 теңге (2.400.000-30%) алады.
Осыған байланысты, осы инвестициялық жобаға сәйкес, минималды комиссияны, әкімшілік және басқа да шығындарды алып тастағанда, Клиент барлығы 6.680.000 теңге алады. Банк инвестициялық жобадан 720.000 теңге, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссия алады.
Турбо жинақ депозиті (Агенттік депозит)
Турбо жинақ депозиті агенттік келісім, Клиент (Муваккиль) өзінің қаражатын Банкке (Вакиль) инвестициялауға тапсырады, ал ол тараптардың келісімі бойынша, кез келген шариғатқа сәйкес бизнес-жобаға қаражатты инвестициялау жолымен пайда табу үшін бар күшін салады.
Муваккиль өзінің ақшалай қаражатын ұсынады, ол Вакильдің сенімді басқаруында және иелік етуінде болады. Вакаладағы істерді тек Вакиль инвестициялық агенттік депозиті туралы шартта көрсетілген міндеттемелер шегінде ғана жүргізуі керек.
Инвестициялық жобадан алынған пайда Вакильден Муваккильге келісілген есептелген пайда мөлшерінде бағытталуы керек. Егер жалпы пайда асып кеткен жағдайда, Вакиль есептелген пайда төленгеннен кейін қалдық мөлшерінде Вакиль сыйлықақысын алуға құқылы. Сонымен қатар Вакиль, кез келген жағдайда алдын-ала шарттың әрекет ете бастауында, агенттік сыйақы ретінде келісілген комиссияны алады.
Муваккил "Турбо жинақ депозиті" аясында қаржылық шығындарды толығымен өтейді, егер Вакилдің алаяқтық, немқұрайлылық немесе әдейі орындамағаны үшін кінәсі дәлелденбесе. Муваккилдің міндеттері, егер Вакала келісімінде өзгеше көзделмесе, оның инвестицияларымен шектеледі.
Мысалы: Клиент А "Турбо жинақ депозиті" негізінде инвестициялық агенттік депозитін ашты, 12 айға 5.000.000 теңге орналастырды, депозит бойынша күтілетін табыс - 10 % немесе 500.000 теңге. Сонымен қатар, Клиент Банкке алдын-ала 300.000 теңге көлемінде агенттік комиссияны төледі.
Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк инвестицияларының нәтижелерін талдай отырып, жоба бойынша пайда 1.200.000 теңгені құрады, бұл күтілетін кірістен асады деген қорытындыға келді. Вакала бойынша келісім ерекшеліктерін ескере отырып, күтілетін пайда асып кеткен жағдайда Сыйлықақы қарастырылған: Банк 500.000 теңгені (күтілетін пайданы) Клиентке аударады.
Осылайша, Клиент 5.500.000 (5.000.000+500.000) теңге алады. Банк сондай-ақ 300.000 агенттік сыйақы және 700.000 "Турбо жинақ депозиті" сыйлықақысынан тұратын, 1.000.000 теңге көлемінде кіріс алады.
Иджара (Лизинг)
“Иджара” сөзі араб тілінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. құқығына сәйкес “Иджара” термині келесіні білдіреді:
1) белгілі бір қызметтерді жасату үшін келісілген төлемге қандай да бір маманды жалдау. Жалдаушыны “Мустаджир”, ал маманды “Аджир” деп атайды, ал еңбекақы “Уджра” деп аталады;
2) жалгерлік ақыға айырбас ретінде мүлікті басқа адамның пайдалануына беру. Бұл ретте лизинг беруші “Муджир”, ал жалдаушы “Мустаджир” деп аталады және лизинг берушіге төленетін жалгерлік ақы “Уджра” деп аталады.
Мысал: көлік қызметтерін көрсету үшін Клиент құны 10.000.000 теңге тұратын HOWO жүк автомобилін лизингке алу туралы шешім қабылдап, Банкке жүгінді. Тараптар Банк Тауар берушіден автокөлікті сатып алады және Клиентке 3 жыл мерзімге жалға тапсырады деген келісімге келді. Банк Клиентпен келісу бойынша жалгерлік кірістің мөлшерін белгілейді, мысалы 2.000.000 теңге.
Осылайша, шартқа сәйкес 36 ай бойы Клиент ай сайын 333.333 теңге төлеп отырады. 36 айға төлемдерді төлеп болғаннан кейін және Банк алдында Клиенттің қандай да бір міндеттемелері болмаса, Банк Клиентке қалдық (атаулы) құны бойынша автокөліктің меншік құқығын береді.
Мушарака (Серіктестік)
Мушарака, араб тілінен аударғанда “қатысу” немесе “бөлу” дегенді білдіреді. Бұл термин бірлескен кәсіпорынды білдіреді, онда серіктестер кірісті немесе шығынды бөліседі. Осылайша, Банк Инвестор, ал Клиент Орындаушы болып табылады.
Мушарака серіктестігі шартының міндетті талаптары болып табылады: инвестициялар серіктестердің барлығымен салынады және олардың барлығы кәсіпорынды басқаруға қатыса алады, бірақ дегенмен, олардың ішінен біреуін Басқарушы немесе Орындаушы етіп тағайындауға рұқсат беріледі. Сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта серіктестер шығындарды пропорционалды және өз үлестерінен аспайтындай етіп бөледі, ал кіріс тараптардың келісуі бойынша пропорцияларда бөлінеді.
Бірлескен қызмет туралы шарттағы серіктестердің жауапкершілігі бекітілген және келісілген бизнес-жоспармен шектелген және олар тараптардың шартта көзделмеген әрекетінің нәтижесінде туындаған өзінің серіктесінің міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
Бизнес-жоспарды орындау мақсатында серіктестер өздерінің қаражаттарын белгілі бір бизнес-жоспарға біріктіреді, барлық активтер тараптардың салым үлесіне пропорционалды олардың ортақ меншігіне айналады. Қызмет түріне және шарттың талаптарына байланысты, кіріс бизнес-жобаның нәтижелері бойынша есептеледі және шарттың қолданыс мерзімінде алу фактісі бойынша немесе шарттың қолданыс мерзімінің соңында бөлінеді. Серіктестікке капитал ақшалай қаражат немесе активтер түрінде енгізілуі мүмкін, активтердің нарықтылық кұнын серіктестіктегі қатысу үлесі анықтыйды.
Мысал. Клиент агробизнеспен айналысу және Алматы облысында ферма салу туралы шешім қабылдады. Бұл үшін ол серіктестік талаптарында жобаны қаржыландыру мақсатымен Банкке жүгінді. Бизнес-жоспар келісілгеннен кейін, Тараптар Инвесторға 60%, Орындаушыға 40% кіріс үлесімен, әр тарап 100 млн.теңгеден салады деп келісті. Жобаны орындау 3 жыл. Жобаны Орындаушы болып Клиент тағайындалды.
Үшінші жылдың соңында Орындаушы соңғы үш жыл ішінде 460 млн.теңге мөлшерінде нақты жалпы кірісті көрсетті. Кірісті бөлу туралы уағдаластыққа сәйкес Банк пен Клиент салынған 100 млн.теңгені қайтып алады, ал қалған 260 млн. 60/40 пропорциясында бөлінеді, олардың ішінен 156 млн.теңге Банкке, ал 104 млн.теңге Клиентке беріледі.
Мурабаха (Тауарларды төлеу мерзімін ұзартып үстеме бағамен сату)
Мурабаха термині “Рибх” араб сөзінен шыққан, бұл үстеме деген сөзді білдіреді.
Тәжірибеде Мурабаха – бұл тауарларды өзіндік құнына қоса келісілген белгіленген үстеме бағамен сату, ол болашақта қандай да болмасын жағдайларда өзгермейді. Мурабахадағы маңызды кезең тауардың өзіндік құны және тауарға қосылатын үстеме бағаның мөлшері туралы Клиентті хабардар ету және оның бұдан әрі келісімі. Мәміленің мәні қағидаттарымен тыйым салынбаған кез келген актив (тауар, мүлік) бола алады.
Бірінші көзқарас бойынша Мурабаханың дәстүрлі қаржыландырудан еш айырмашылығы жоқ болып көрінгенімен, Мурабаханың ерекшеленетін айырмашылығы болып табылады:
а) Клиент Банктің қолма-қол ақшалай қаражаттарымен жұмыс жасамайды, ал тек қана сатып алынатын активпен жұмыс жасайды;
б) Клиент ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда Банк дәстүрлі банктер сияқты қосымша соманы уақыттағы ақша құны ретінде сұрай алмайды. Бұл жағдайда Клиентке айыппұл салынуы мүмкін, ол кіріске қосылмай, Банкпен қайырымдылық мақсаттарға жұмсалуы тиіс;
в) Банк тауарды сатып алумен және оны Клиентке жеткізумен байланысты тәуекелдерді бөледі;
г) Шариғатпен рұқсат етілген өндірістерді ғана қаржыландырады;
д) Клиент дефолт болған жағдайда (б) тармағында айтылғандай айыппұл салудан басқа, Мурабаха құны өсірілмейді.
Мысал: Клиентке бизнесін ұлғайту үшін құны 5.000.000 теңге құрал-жабдық сатып алу қажет. Тауар беруші құрал-жабдықты төлеу мерзімін ұзартып сатуды қарастырмағандықтан, Клиент Мурабаха келісімшарты бойынша қаржыландыру үшін Банкке жүгінеді.
Қаржыландыру мерзімдерін және үстеме бағаның мөлшерін келіскеннен кейін, Тараптар Клиент құрал-жабдықты 15 айға төлеу мерзімін ұзартып, 2.000.000 теңге үстеме бағамен алуға дайын деген шешімге келді. Өзінің ниетінің байыптылығын растай отырып, Клиент Банктен құрал-жабдықты міндетті түрде сатып алу туралы міндеттемеге қол қояды және 200.000 теңге мөлшерінде кепілақы төлейді.
Осыдан кейін Банк Тауар берушіден жеңілдікпен Клиентке қажетті құрал-жабдықты 4.700.000 теңгеге сатып алады және оны Клиентке жеткізуді ұйымдастырады. Осы уақытта Клиент 453.333 теңге (5.000.000+2.000.000-200.000=6.800.000/15) ай сайынғы төлеммен құрал-жабдықты төлеу мерзімін ұзартып сатып алу туралы шартқа қол қояды. Клиенттің құрал-жабдығын ресімдей отырып, Банк оны кепілге қояды және егер Клиент уақытылы және толық көлемде өз міндеттемелерін орындаса, одан барлық ауыртпалықтар алынады.