Турбо жинақ депозиті
Агенттік депозит
Турбо жинақ депозиті – агенттік келісім, Клиент (Муваккиль) өзінің қаражатын Банкке (Вакиль) инвестициялауға тапсырады, ал ол тараптардың келісімі бойынша, кез келген шариғатқа сәйкес бизнес-жобаға қаражатты инвестициялау жолымен пайда табу үшін бар күшін салады.
Муваккиль өзінің ақшалай қаражатын ұсынады, ол Вакильдің сенімді басқаруында және иелік етуінде болады. "Турбо жинақ депозиті" істерді тек Вакиль инвестициялық агенттік депозиті туралы шартта көрсетілген міндеттемелер шегінде ғана жүргізуі керек.
Инвестициялық жобадан алынған пайда Вакильден Муваккильге келісілген есептелген пайда мөлшерінде бағытталуы керек. Егер жалпы пайда асып кеткен жағдайда, Вакиль есептелген пайда төленгеннен кейін қалдық мөлшерінде Вакиль сыйлықақысын алуға құқылы. Сонымен қатар Вакиль, кез келген жағдайда алдын-ала шарттың әрекет ете бастауында, агенттік сыйақы ретінде келісілген комиссияны алады.
Муваккил Турбо жинақ депозиті аясында қаржылық шығындарды толығымен өтейді, егер Вакилдің алаяқтық, немқұрайлылық немесе әдейі орындамағаны үшін кінәсі дәлелденбесе. Муваккилдің міндеттері, егер Вакала келісімінде өзгеше көзделмесе, оның инвестицияларымен шектеледі.
Мысалы: Клиент А "Турбо жинақ депозиті" негізінде инвестициялық агенттік депозитін ашты, 12 айға 5 000 000 теңге орналастырды, депозит бойынша күтілетін табыс - 10 % немесе 500. 000 теңге. Сонымен қатар, Клиент Банкке алдын-ала 300.000 теңге көлемінде агенттік комиссияны төледі.
Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк инвестицияларының нәтижелерін талдай отырып, жоба бойынша пайда 1.200.000 теңгені құрады, бұл күтілетін кірістен асады деген қорытындыға келді. "Турбо жинақ депозиті" бойынша келісім ерекшеліктерін ескере отырып, күтілетін пайда асып кеткен жағдайда Сыйлықақы қарастырылған: Банк 500.000 теңгені (күтілетін пайданы) Клиентке аударады.
Осылайша, Клиент 5.500.000 (5.000.000+500.000) теңге алады. Банк сондай-ақ 300.000 агенттік сыйақы және 700.000 "Турбо жинақ депозиті" сыйлықақысынан тұратын, 1.000.000 теңге көлемінде кіріс алады.
Банк "Турбо жинақ депозиті" агенттік депозитінің екі түрін ұсынады – Стандарт және Амин. Депозиттер арасындағы негізгі айырмашылықтар: салым валютасы, жеделділік, пайда нормасы, ішінара алу мүмкіндігі.
"Турбо жинақ депозиті" Стандарт агенттігінің келісіміне сәйкес клиент Банкке жобаларды және инвестициялау әдістерін таңдауда шектеу қоймайды. Вакала Амин шарты белгіленген кірістілігі жоғары өтімді мәмілелерге инвестициялауды қарастырады.
Өнімнің атауы |
"Турбо жинақ депозиті" Стандарт |
Салым валютасы |
KZT (тенге), USD (доллары США), EUR (евро) |
Салымның минималды сомасы |
1 000 KZT / 100 USD / 100 EUR |
Салымның максималды сомасы |
шектеусіз |
Орналастыру мерзімі |
12 ай |
Күтілетін табыс |
Салымның валютасына байланысты |
Пайданы төлеудің кезеңділігі |
Ай сайын және мерзім соңында |
Қосымша салым |
Рұқсат етіледі |
Ішінара алу |
Рұқсат етіледі |
Төмендетілмейтін қалдық |
Бастапқы жарнаның ең төменгі сомасына тең |
Ескерту 1: Депозит талаптары жеке тәртіпте уәкілетті орган шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Ескерту 2:
1) Инвестициялық депозитті ішінара алуға төмендетілмейтін қалдық сақталған жағдайда депозитті орналастырудың бүкіл мерзімі ішінде кез келген уақытта жол беріледі. Бұл ретте депозит талаптары бұзылмаған деп есептеледі және депозиттің қалған сомасын инвестициялаудан күтілетін кірістілік Шартта белгіленген мөлшерде есептеледі.
2) Депозитті мерзімінен бұрын толық алған жағдайда:
- депозит салынғаннан кейін бір ай бұрын Шарт талаптары клиент тарапынан бұзылған деп танылса, Шарт бұзылуға жатады, депозит қайтарылады. Бұл жағдайда депозит бойынша пайда төленбейді;
- депозит салынғаннан кейiн бiр ай өткен соң депозит бойынша пайда депозиттің нақты мерзiмi үшiн төленедi.
Салым мерзімі |
Салым бойынша күтілетін табыс (жылдық %-бен) |
|
Теңгеде |
USD/EUR - да |
|
12 ай |
10% |
2,5% |
Өнімнің атауы |
"Турбо жинақ депозиті" Амин |
Салым валютасы |
KZT (теңге) |
Салымның минималды сомасы |
30 000 KZT |
Салымның максималды сомасы |
шектеусіз |
Орналастыру мерзімі |
14 күн |
Пайда нормасы |
Жылдық 5% |
Пайданы төлеудің кезеңділігі |
Мерзім соңында |
Қосымша салым |
Рұқсат етіледі |
Ішінара алу |
Рұқсат етіледі |
Төмендетілмейтін қалдық |
Бастапқы жарнаның ең төменгі сомасына тең |
Ескерту 1: Депозит талаптары жеке тәртіпте уәкілетті орган шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Ескерту 2:
1) Инвестициялық депозитті ішінара алуға төмендетілмейтін қалдық сақталған жағдайда депозитті орналастырудың бүкіл мерзімі ішінде кез келген уақытта жол беріледі. Бұл ретте депозит талаптары бұзылмаған деп есептеледі және депозиттің қалған сомасын инвестициялаудан күтілетін кірістілік Шартта белгіленген мөлшерде есептеледі.
2) Депозитті орналастырғаннан кейін 14 (он төрт) және одан да көп күнтізбелік күн өткеннен кейін төмендетілмейтін қалдық сақталмай мерзімінен бұрын алған кезде депозит бойынша пайда депозитті орналастырудың нақты кезеңі үшін төленеді
3) Орналастырудан кейін 14 күнтізбелік күннен бұрын Төмендетілмейтін қалдықты сақтамай, салымды мерзімінен бұрын толық алған жағдайда депозит бойынша пайда төленбейді.